Таразда көлік басқарған жасөспірім полицейлерден қашуға тырысты

143

Таразда Mercedes көлігін тізгіндеген жасөспірім жол қозғалысы ережесін бұзып, патрульдік полицейлердің тоқтауын елемеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Таразда көлік басқарған жасөспірім полицейлерден қашуға тырысты Фото: Бейнежазбадан

Алайда кәмелетке толмаған бала көп ұзамай ұсталды. Полицейлер қала көшелерін аралау кезінде жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған Mercedes-Benz автокөлігін байқайды. Ол полицейлердің тоқтатқанын елемей, жолдың қарсы бетіне шығып, қашуға әрекеттенген.

Белгілі болғандай, көлікті жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған жасөпірім басқарған. Ол көлікті заңды иесі — әпкесінің рұқсатынсыз алған.

Полицияның мәліметінше, жасөспірім мен көліктің иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды.

Полицейлер ата-аналарды балаларының іс-әрекетіне мұқият болуға және рұқсатсыз көлік жүргізуіне жол бермеуге шақырады. Мұндай жағдай жасөспірімге де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да ауыр зардап әкелуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу