Таразда тазалық сақтамағандарға айыппұл салынды

1062

Шаһарда кәріз суын көшеге ағызу, қоршаған ортаны ластау сынды жағымсыз әрекеттер азаяр емес.  

Таразда тазалық сақтамағандарға айыппұл салынды Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Қала тазалығын сақтау – баршаға ортақ. Дегенмен, тазалыққа немқұрайды қарайтын жандардың қатары әлі де көп. Тіпті, кәріз суын көшеге ағызу, аялдама орындығын, айналасын ластау сынды жағымсыз әрекеттер де тыйылмай тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Сондықтан тұрғындарды тәртіпке шақыру үшін қадағалауды күшейту қажет. Осы мақсатта Тараз қаласының аумағында құрылыс қалдықтарын, стихиялық қоқыстардың тиісті орынға тасталуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан үнемі ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орындарға тастамаған тұлғалар бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде былтыр 1392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адамға айыппұл салынған.

Ал, биылғы ақпан айы мен наурыздың 15 күні аралығында тазалыққа салғырт қараған 123 тұрғын анықталды. Оның ішінде 102 үй иесіне ескерту берілсе, 8 адам айыппұл арқалаған.

Жалпы тазалық сақтамаған тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу