"Бүгін 27 желтоқсан күні сағат 1:24-те Тараз қаласының кезекші пультіне Сағындықов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. Сағат 1:49-да өрт толығымен жойылды. ТЖД күшімен 32 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 14 адам және 3 техника құрамында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды", - делінген ақпаратта.
Күйік шалған 1930 жылғы әйел ауруханаға жатқызылды (1-2 дәрежелі 15% дене күйігі, орташа ауырлық дәрежесі).
Өрт отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.
Осы орайда, ТЖМ тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
- Электр жүйесін, соның ішінде үлкендерін бір уақытта қоспау;
- Қосылған электр және газ жабдықтарын қараусыз қалдырмау;
- Үйде жанғыш сұйықтықтар мен жарылғыш заттарды сақтамау;
- Балалардың отпен ойнауына жол бермеу қажет.