1 қараша сағат 21:30-да "Тараз-Айша бибі" автожолының 1-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алған.
15 жасар жасөспірім Айша бибі ауылынан Тараз қаласы бағытына келе жатып, көлікті басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп ағашқа соғылған.
Сондай-ақ, жүргізушіден басқа көлікте тағы үш жасөспірім болған.
Жол апаты салдарынан 14 жасар жолаушы оқиға орнында алған дене жарақатынан қайтыс болды.
Жүргізуші және әртүрлі дене жарақаты бар екі жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.
Сондай-ақ, жасөспірімнің ата-ана рұқсатынсыз үйден әкесіне тиесілі көліктің кілтін алғаны анықталды.