Таразда жылына 38 миллион балапан шығаратын өндірістік инкубатор іске қосылды

943

Өндіріс орны 50 адамды жұмыспен қамтиды.

Таразда жылына 38 миллион балапан шығаратын өндірістік инкубатор іске қосылды Фото: Тараз қаласы әкімдігі

Тараз қаласында "Алель Агро" акционерлік қоғамы Жамбыл филиалының өндірістік инкубаторы іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Нысанның ашылу рәсіміне Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, кәсіпорынның құс шаруашылығына тың серпін беретінін айрықша атап өтті.

– Кез келген мемлекеттің әлеуеті артуы үшін ең бірінші өндіріс өркендеуі қажет. Сондай-ақ, экономикалық өсімді тұрақты қамтамасыз ету үшін де жаңа өндіріс орындарын ашып, экономиканың нақты секторына инвестиция тартуымыз керек. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі.

Мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде облыс орталығы Тараз қаласы да инвестиция игілігін сезініп келеді. Бүгінде осы бағытта қаламызда құны 35 миллиард теңге тұратын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 944 жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар, құны 48 миллиард теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша арнайы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осы ретте, бүгін өз жұмысын бастаған "Алель Агро" акционерлік қоғамының облыстық филиалы қаламыздағы кәсіпкерліктің аясын кеңейтіп, дамудың жаңа белесіне бастайды деген сенімдемін, – деп Бақытжан Әмірбекұлы шаһардың өндірісін өркендету бағытындағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді.

Жылына 38 миллионға жуық балапан шығаруға қауқарлы өндіріс орны 50 адамды жұмыспен қамтиды. Құны 2 миллиард 689 миллион теңгені құрайтын өндірістік инкубатор заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, инкубаторға қажет шикізаттар компанияның өз өндірісі арқылы жүзеге асырылады. Ал, өнімді "Алель Агро" АҚ-ның меншігіндегі құс фабрикалары мен фермерлік қожалықтарына өткізіп отырмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу