Тараздық жастар Ұлыстың ұлы күнін қарсы алды

1138

Тараздық жастар Ұлыстың ұлы күнін қарсы алды

Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Осы күні адамдар арам пиғыл пендешілік атаулыдан тазарады деген ұғым бар. Жамбылдық жастар жыл басы Наурыз мейрамының алғашқы таңын қарсы алды. Олар киіз үйлер тігілген алаңға жиналып, сауық құрды, деп хабарлайды 24.kz.

Алтыбақанға кезекке тұрғандардың қарасы таң жарығына дейін үзілген жоқ. От жағылып, айналасында ұлттық киім киген жастар "Ұйқыашар", "Селтеткізер" дәстүрлерін жаңғыртып, арнайы іс-шаралар өткізді. Ұлыстың ұлы күні әрқашан қасиетті, киелі саналады. Сондықтан тараздықтар бұған ерекше дайындалған. Киіз үй ішіне дастархан жайылып, қазанға ет асылды. Әжелер наурызкөже әзірлеп, бауырсақ пісірген.

"21-і мен 22-сі күні күн мен түннің теңесу күні. Жақсылық бола берсін. Мейрамнан мейрамға жете берейік. Халқымыз аман болып, тыныштық болып, өмірде біздің қазақстандықтар бақытты өмір сүре берсін!", - дейді қала тұрғыны Амантай Сартаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу