Борышкерден алынған мүлікті сатып алу рәсімі жеңілдеді

621

27 маусымда Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Борышкерден алынған мүлікті сатып алу рәсімі жеңілдеді

Енді мүлікті соңғы өткізген сот орындаушы басқа сот орындаушыларының барлық тыйым салуларының күшін жояды, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылғы 27 маусымда Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Заң 8 шілдеде күшіне енді.

"Борышкердің мүлкіне әртүрлі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде екі және одан да көп сот орындаушылары тыйым салуы мүмкін. Бұрын мұндай жағдайларда адал сатып алушы әрбір сот орындаушысына тыйым салуларын алуы үшін жүгінуге тура келетін. Кейде сот орындаушылары бас тартып, сатып алушы сотқа жүгінуге мәжбүр болатын. Енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес мүлікті сауда-саттықта өткізген сот орындаушысы осындай мүліктен барлық тыйым салуларды, соның ішінде басқа сот орындаушыларының тыйым салуларын да жоюға міндетті",– деп түсіндіреді Әділет министрлігі заңдағы өзгерісті.

Айта кету керек, тыйым салынған мүлікті сату бойынша Бірыңғай электрондық сауда алаңы  – https://etp.adilet.gov.kz/ арқылы 2020 жылдың I жартыжылдығында 25 495 676 920 теңге сомасына 1530 лот сатылған, ал 2019 жылдың осындай кезеңінде жалпы сомасы 18 423 227 050 теңгені құрайтын 1415 лот сатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу