Тасқыннан зардап шеккендерге қаржы қалай бөлінеді?

293

Бүгінде жергілікті атқарушы органдар шығын көлеміне есептеу жүргізіп жатыр. 

Тасқыннан зардап шеккендерге қаржы қалай бөлінеді? Фото: ҚР ТЖМ

Қаржы министрі Мади Тәкиев Мәжіліс кулуарында тасқыннан зардеп шеккен қазақстандықтарға қаржы қалай бөлінетінін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысының айтуынша, топан судан зардап шеккендерге қаржы бөлу мәселесі жергілікті бюджеттен пысықталады. 

"Қазақстан бойынша жергілікті бюджетте төтенше жағдайларға арналған 26 млрд теңге бар. Иә, резерв. Бұл қаражат әкімдіктерде бар. Егер қаржы жетпесе, үкімет резерві бар. Одан біз ақша тағы бөлеміз. Бүгінде су тасқынынан келген шығын есептеліп жатыр", - деді ол журналистердің сауалына берген жауабында.

Тілші осыған дейін айтылған 7 млрд теңге бойынша ақпарат қайдан шыққанын нақтылады. Мәди Такиев бұл ақпаратты тексеру қажет деген пікірде. 

"Олар жергілікті бюджет пен өз бюджетін шатастырып отырған шығар. Бірақ бізде осындай жағдайда жергілікті бюджетте ақша бар. Мысалы, былтыр жергілікті бюджетте осындай оқиғаның алдын алу үшін 20 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ төтенше жағдайлардың бөлек ақшасы бар. Бұл –  26 млрд теңге", - деп толықтырды Мади Тәкиев.

Айта кету керек, осыған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі тасқынмен күреске бөлінген қаржы туралы айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу