Тауда адасып қалды

1337

Тауда адасып қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында демалыс күндері тауға шығып адасып кеткен алты адам құтқарылды, деп хабарлайды khabar.kz.

Біреуі аяғы тайып, тобығын шығарып алған. Құтқарушылар оң аяғын жаралап жүре алмай қалған туристі шатқалдан көтеріп алып шығып, жедел-жәрдемге тапсырған.

Бес адамнан тұратын туристер Төле би ауданындағы Біркөлік шатқалына серуенге шыққан. Саяхатшылар таудың ішінде адасып, қайтар жолдарын таппай қалған. Олар құтқарушыларға телефон арқылы хабар берген.

Төтеншеліктер туристерге түнде тауда жүруге болмайтынын ескертіп, олар келген жерлерінде түнеп шыққан. Галкина және Шәйнек шатқалдарының ортасында қалып қойған туристерді Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ертеңіне тауып алған.

"Сарыағаш ауданынан арнайы демалуға келген 24-29 жас аралығындағы саяхатшылар дін аман. Ал Шардара ауданындағы Ұзыната ауылының 1987 жылғы тұрғыны таңертең тауға жалғыз шығып адасып кеткен. Жолдастары іздегенімен нәтиже шықпаған. Құтқару жасағы жол таппай жүріп, тауда құлап тобығын шығарып алған жігітті кешке бірақ тапты", – дейді ОҚО ТЖД баспасөз орталығындар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу