"Тауға шықпаңыздар!": Алматылық құтқарушылар ескерту жасады

851

Алматыда қар көшкіндерінің басым бөлігі көлбеу және таулардың етегінде тоқтап, төрт қар көшкіні көлге түсті.   

"Тауға шықпаңыздар!": Алматылық құтқарушылар ескерту жасады Фото: gov.kz

"Қазселденқорғау" ММ мамандары "Қазгидромет" РМК мамандарымен бірлесіп көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру кезінде Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде, сондай-ақ Талғар өзені алқабында  жалпы көлемі 13750 текше метр қар көшкіні өздігінен түскенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазселденқорғау, Алматы қаласы полиция мен ТЖ департаменттерінің қызметкерлері блок беккеттер қою арқылы халықтың жүріп-тұруын шектеу бойынша қабылданған шаралардың арқасында зардап шеккендер жоқ. Қардың бір бөлігі Үлкен Алматы өзеніне апаратын автожолды жауып тастады. Қабылданған шаралармен жол тазартылды, залал болған жоқ.

Қазселденқорғау және Алматы қаласы ТЖД мамандары қар көшкінінің жоғары дәрежесіне байланысты (таулардың беткейлеріндегі қардың тұрақсыз жай-күйі) жақын күндері тауға, оның ішінде Богданович мұздығы ауданына бармауға кеңес береді.

Алматы қаласының ТЖ және полиция департаменттері осы автожол бойында алдын ала автокөліктің жүруін шектеу жөніндегі блок бекет қойды. Қауіпті учаскелерде ескерту қалқандары орнатылды.

Өз кезегінде, Қазселденқорғау қар көшкіні қаупі бар кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі 9200 м3 астам қар көшкінінің 4 профилактикалық түсуін жүргізді (шамамен 10 мың).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу