Таяу Шығыстағы атыстан соң мұнай бағасы қымбаттады

2115

Қазір Brent маркалы мұнай 70-73 доллар шамасында саудаланып жатыр.  

Таяу Шығыстағы атыстан соң мұнай бағасы қымбаттады Фото: cnbc.com

Израиль Иранға соққы жасағаннан кейін Brent маркалы мұнай бағасы күрт көтерілді.  Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Brent құны шамамен 6%-ға көтерілді. Тіпті бір баррель мұнай бағасы 77 долларға дейін жетті. Бірнеше ай бұрын ол 50 долларға дейін түсіп кеткен еді. 

Бұған дейін сарапшылар Израиль Иранға соққы жасаса, мұнай бағасы 120 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін болжаған болатын. Себебі, әсекери қақтығыстар мұнайлы Таяу Шығыстағы өндіріске кері әсер етеді.

Мұнай ғана емес алтын бағасы мен швейцариялық франк құны да көтеріліп жатыр. Себебі инвесторлар түрлі геосаяси жағдай шиеленіскенде, дағдарыс кезінде де қор сақтайтын құралдарға жүгінеді.

Айта кетейік бүгін, 13 маусымда таңертең Израиль Иранның ядролық және әскери нысандарына соққы жасады. Иран билігі Израиль мен АҚШ-тан кек алуға уәде берді.

Ал, Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыста жүрген ел азаматтарына үндеу жариялады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу