Таяу Шығыстағы шиеленіс салдарынан мұнай бағасы өсті

817

4 тамызда Ливаннан Израильге қарай үш зымыран атылған еді.

Таяу Шығыстағы шиеленіс салдарынан мұнай бағасы өсті Фото: reuters.com

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасының өсуіне түрткі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай құны 0,03% -ға қымбаттап,70,4 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 0,09%-ға төмендеп, бір баррелі 68,21 долларға саудаланып жатыр. 

"Иран мен әлемдік державалар арасындағы шиеленістің өршуінің кесірінен ядролық келісім туралы келіссөздер ұзаққа созылатын сияқты, сонымен қатар Иранға қарсы салынған санкциялардың жеңілдетілуі де екіталай", – деді OANDA сарапшысы Эдвард Мойа.

4 тамызда Ливаннан Израильге қарай үш зымыран атылды. Бұған жауап ретінде Израиль артиллериясы Ливан аумағына оқ жаудырды. 

20 шілдеде Израильге Ливаннан зымыран ұшырылған еді. Зымырандардың бірін қорғаныс жүйесі қағып түсіріп, екіншісі халық тұрмайтын жерде жарылған болатын. Израиль артиллериясы Ливан аумағындағы нысанаға оқ атты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу