"Таза Қазақстан" акциясына 22 мыңға жуық жамбылдық қатысты

911

Облыс деңгейінде "Таза аула. Таза өлке. Таза ел!" акциясы қолға алынды.

"Таза Қазақстан" акциясына 22 мыңға жуық жамбылдық қатысты Фото: Ақәділ Рысмахан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Жамбыл облысының деңгейінде "Таза аула. Таза өлке. Таза ел!" акциясы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Акция "Таза өлке", "Киелі мекен", Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ" және "Мөлдір бұлақ" атты экологиялық апталарға бөлінген. Мәселен "Таза өлке" апталығында елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері бекітіліп берілген аумақтарды тазартады. "Киелі мекен" апталығында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы абаттандырылады. "Жасыл аймақ" апталығында көшет отырғызу, ағаштарды әктеу шаралары қолға алынады. "Өнегелі ұрпақ" апталығында ардагерлер үйінің ауласы мен қарттар үйінің аумақтарын тазарту және абаттандыру жоспарланып отыр. "Мөлдір бұлақ" апталығында өзен-көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

"Таза өлке" апталығына Тараз қаласы мен аудандардың тұрғындары және қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындар белсенді атсалысып, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Апталыққа облыс бойынша 21 640 мыңға жуық адам қатысып, 543 кәсіпорын мен ұйым атсалысты.

Іс-шаралар аясында 231 бірлік техника жұмылдырылып, көше мен аула, саябақ пен скверді қоса алғанда жалпы саны 1093 аймақ қоқыстан тазартылды. Осылайша барлық аумақтан 554 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ 27 365 түп тал-ағаш отырғызылып, облыс аумағынан өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы күл-қоқыстар тазаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу