Тазалық сапасына қатысты өтініш қабылдайтын жаңа арна іске қосылды

279

Қысқы кезеңде жұмыстарға 818 бірлік техника мен 1240 жұмысшы тартылады. 

Тазалық сапасына қатысты өтініш қабылдайтын жаңа арна іске қосылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қалада тазалық сапасына қатысты қала тұрғындарының өтінішін қабылдау үшін Whats Арр арнасын құру туралы хабарлайды.

Мына +7 706 689 88 98 Whats Арр нөміріне қала тұрғындары жолдарды, тротуарларды және қаланың қоғамдық пайдалану орындарын тазалауға ұсыныс немесе шағым жібере алады. Арнаның жұмыс режимі жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтініштерді үлгі бойынша бір мәтіндік хабарламамен жіберу керек:

  • Өтініш берушінің деректері, байланыс нөмірі (кері байланыс үшін), өтініштің мәні, уақыты мен күні, өтінішке қатысты нақты мекенжайы, бар болса фотоматериал бекіту керек.
  • Үлгі бойынша жасалмаған өтініштер, кіріс қоңыраулар, сонымен қатар, дыбыстық хабарламалар тіркелмейді. Аулаішілік аумақтар бойынша хабарламалар қабылданбайды.

Алматы қаласының көше-жол желісін тазалау жалпы ұзындығы 2698 км болатын 2318 көшеде жүргізіледі. Санитарлық тазалау 25 млн м2 аумақта 10 мердігер ұйымның күшімен жүзеге асырылады, оның 70%-ын "Алматы Тазалық" жинайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу