Бұл туралы Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Геология бас басқармасының бастығы Илхомджон Оймухаммадзода мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, кен орындары Орталық Тәжікстан мен Таулы-Бадахшан автономиялық облысында орналасқан. Ондағы қорлар тиісті зерттеулерден кейін ғана дәл анықталады.
Сонымен қатар, Муминабад пен Шамсиддин Шохин аудандарында жалпы ұзындығы 52,5 шақырым болатын 13 алтын учаскелері анықталды.
Бұған дейін Тәжікстанның Өнеркәсіп министрлігі республиканың жер қойнауында алтынның үлкен қоры бар екенін хабарлаған болатын. Тәжікстанның есептелген алтын активтерінде өнеркәсіптік 137 алтын қоры кен орны мен өнеркәсіптік емес алтынның 127 кен орны бар.