Тегін баспана, жекешелендіру: Тұрғын үй саясатын реформалау қалай жүріп жатыр?

263

Заң жобасында Отбасы банкін "толыққанды даму институты" етіп, азаматтарды есепке қою мен тұрғын үйлерді бөлуді орталықтандыруға бағытталған нормалар  көзделген. 

Тегін баспана, жекешелендіру: Тұрғын үй саясатын реформалау қалай жүріп жатыр? Фото: gov.kz

Бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қабылданып, Сенатқа жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Оған сәйкес Отбасы банкін "толыққанды даму институты" ету, "Тұрғын үймен қамту орталығы" жаңа электрондық мәліметтер базасын құру, адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасын бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз ету және жалға берілген баспананы жекешелендіру заңдастырылады

Аталған Заң жобасы өткен жылғы қарашада бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасында Отбасы банкін "толыққанды даму институты" етіп, азаматтарды есепке қою мен тұрғын үйлерді бөлуді орталықтандыруға бағытталған нормалар  көзделген. 
"Тұрғын үймен қамту орталығы" жаңа электрондық мәліметтер базасын құру көзделеді (ол тұрғын үйге мұқтаж, Отбасы Банкінде тіркелген азаматтар туралы мәліметтерді қамтитын болады). Жергілікті атқарушы органдардан тұрғын үйді тіркеу, есепке алу және бөлуді Отбасы Банкінің құзыретіне беру ұсынылады.

Сонымен қатар әскери қызметті атқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде, сондай-ақ адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасын бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша норма енгізілген.

Заң жобасына "сатып алу құқығынсыз" азаматтарға жалға берілген тұрғын үйлерді – енді"жекешелендіру құқығын беру" туралы ұсыныс енгізілді. Осы ұсыныс қолдау тапты. Бүгінгі таңда сатып алу құқығынсыз берілетін  тұрғын үйлер – халықтың әлеуметтік осал топтарына ғана берілетіні белгілі. Бұл азаматтарға жалға берілетін баспананы жеке меншік ретінде қалдық құнымен алуға мүмкіндік береді. Мұндай жаңа жекешелендіру құқығын – барлық өңірлерде 51 мың халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтары пайдалана алады.

Одан бөлек жалғыз баспанасы "апатты тұрғын үй"деп танылған үйдің орнына берілген тұрғын үйді жекешелендіру құқығын беру енгізіліп отыр. Бұл ұсыныс 1600 астам азаматтардың мәселесін шешуге бағытталған.

Асыраушысынан айырылған адамдардың мүдделерін қорғау мақсатында "жесірлер" санаты – жеке дербес санатқа бөлінді. Ол, халықтың әлеуметтік осал топтары тізіміне жаңа санат ретінде қосылды. Бұл түзетуді депутаттар енгізіп, Үкімет қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу