Техникалық шарттарды беру қызметінің жаңа талабы енгізілмек

971

Техникалық шарттарды беру қызметінің жаңа талабы енгізілмек

Кәсіпкерлерге техникалық шарттарды беру қызметі қызмет көрсету орталықтарынан берілуі мүмкін. Нақтырақ айтқанда, газ бен электр энергиясына арналған техникалық шарттарды беру қызметі табиғи монополия субъектілерінен алынып тасталады. Мұны "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы ұсынып отыр.

Палата сарапшылардың айтуынша, бизнеске техникалық шарттарды алу өте қиын. Мемлекеттік орындар компаниялардың өтініштерін уақтылы қарамайды. Сондай-ақ, жемқорлық жағдайлары жиілеген. Осы ретте кәсіпкерлер палатасы тәжірибе ретінде қызылордадағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында аталған құжатты "бір терезе" әдісімен 5 күн ішінде алуға мүмкіндік жасады. Енді кәсіпкерлер палатасы осы тәжірибені басқа облыстарға да енгізуді жоспарлап отыр.

Нариман Әбілшайықов, "Атамекен" КҰП басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқаушы:

"Қазір табиғи монополия субъектілерінің әрқайсы, газ бен энергия тасымалын әр түрлі нүктеде жүзеге асырады. сәйкесінше кәсіпкерлер техникалық шарттарды алу үшін 3-4 жерге баруы тиіс болады. сондықтан біз кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының негізінде осы жүйені реттейтін боламыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу