Тек 5 килограмм сусымалы тауар, 5 литр күнбағыс майын сатып ала аласыз

1055

Сауда орындарында адамдар арасындағы қашықтық 1 метрден кем болмауға тиіс.

Тек 5 килограмм сусымалы тауар, 5 литр күнбағыс майын сатып ала аласыз

Нұр-Сұлтан қаласында карантин кезінде бір адамға сусымалы тауардың тек 5 килограмы, күнбағыс майының 5 литрі ғана сатылады. Бұл туралы Елордадағы кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар жөніндегі басқарма басшысы Ерлан Бекмырзаев мәлім етті. 

"Сауда нысандары бір адамға қант, күріш, қарақұмық сияқты сусымалы тауарлардың тек 5 килограмын, ал күнбағыс майының тек 5 литрін сатуға міндеттеледі", – деді Бекмырзаев. 

Оның айтуынша, енді дүкендер мен супермаркеттердің әкімшілігі сатып алушылар арасындағы қашықтықтың 1 метрден кем болмауын қамтамамыз етуге тиіс. 
Тағы бір жайт, көкөніс пен жемістерден басқа сусымалы тауарлар арнайы қамтамаларда сатылуы керек. Бекмырзаев қоғамдық тамақтану орындарының жабылғанын, олардың онлайн тапсырыс беру және жеткізуге көше алатынын жеткізді.

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу