Telegram мәзіріне қазақ тілі қосылды

744

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі хабарлады.

Telegram мәзіріне қазақ тілі қосылды Фото: Лайфхакер

Telegram әлеуметтік желісінің мәзіріне қазақ тілі қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Telegram-ға iOS және Android арқылы немесе web нұсқасына кірсеңіз, қазақ тілі ресми түрде енгізілгенін көресіз. Айта кету керек, кеше ғана Сенат бекіткен "Онлайн платформа және онлайн жарнама" туралы заң жобасында да дәл осы мәселе қарастырылған. Заңнама қабылданса, енді әлемдік әлеуметтік желілер интерфейстері мен мәзірлерін қазақшалауы керек", – деп жазды Дархан Қыдырәлі.

Сондай-ақ, министр бұл мәселені халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесулерде де көтеріп жүргенін айтқан министр жаhандық желілер қазақша сөйлейтін күн алыс емес екеніне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу