Теміртауда "Таксидегі QUIZ" қызметі іске қосылды

635

3 желтоқсаннан бастау алған жобаның мақсаты – қала тұрғындарын қазақша сөйлеуге ынталандыру.  

Теміртауда "Таксидегі QUIZ" қызметі іске қосылды Фото: gurk.kz

Теміртауда тегін такси жүре бастады. Жолаушы жол ақысын төлемейді. Есесіне жүргізушінің қазақ тілінде қойған сұрақтарына дұрыс жауап беруі керек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Такси қызметі күн сайын 17:00-19:00 аралығында жұмыс істейді. Себебі, бұл уақытта қалада такси қызметі тапшы.

Ұйымдастырушылар жобаның танымалдығы артатынына сенеді. Қызметке жазылу үшін WhatsApp арқылы 8-747-938-48-27 нөміріне хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу