Теміртауда торапты су құбыры қатып қалды

250

Апат салдарынан қаланың шығыс бөлігіндегі алты блокта құбырлардағы қысым төмендеді. 

Теміртауда торапты су құбыры қатып қалды Фото: inbusiness.kz

12 желтоқсан күні Теміртау қаласында диаметрі 300 мм болатын құбырдың қатуы анықталды. Қазіргі уақытта, коммуналдық қызметтер ақауларды жою жұмыстарымен айналысуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су құбырының қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігіндегі алты квартал тұрғындарының үйіне гидравликасы төмендетілген су беріліп жатыр. Проблемалық аймақ анықталды (шамамен 20 метр). Сумен жабдықтаудың штаттық режимін қалпына келтіруге 8 бригада мен 10 техника тартылды", — деп түсіндірді "Оқжетпес-Т" ЖШС.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу