Теміртауда үйдің сырты мұз боп қатып қалған

573

Мұз құрсауланған үйдің фотосы әлеуметтік желіге тарап, жұрттың наразылығын туғызды.  

Теміртауда үйдің сырты мұз боп қатып қалған Фото: Temirtau.city

Теміртау қаласында жылдағыдай жылу мәселесі тағы да өзекті бола бастады. Қаланың кейбір аудандарында жылу деңгейі төмендеп кеткен. Сонымен қатар авариялық жағдайға байланысты су жіберетін құбырдың өзі қатып қалып жатыр. Әлеуметтік желіге сырты мұзбен құрсауланып қатып қалған көп қабатты тұрғын үйдің фотосы тарап кетті. Теміртаудың шығыс жағында су құбырлары қатып қалғандықтан , қаланың басым бөлігі ауыз сусыз отыр. Теміртаулықтардың айтуына қарағанда Абай, Чайковский көшелерімен қатар  тағы бірнеше кварталда  су құбырлары қатып қалған.

“Үйдің іші де сырты да қатып жатыр, пәтердегі жылу өте төмен. Қыстай осы жағдай, үміт үзіліп барады жыл сайын. Енді ауыз суға жете алмай қалдық. Дүкенде су жоқ , сатылып кеткен”,- деп шағымданды қала тұрғыны Тұрсынтай Жақып.

Қаланың қатып қалған құбырларын авариялық бригада жөндеп жатыр. Шенеуніктердің айтуынша  сырты мұз болып қатып қалған үйдің жанындағы квартал аралық жылу трассасы жарылған. Қазір апатты жағдай жөнделіп , тұрғын үйге штаттық режимде жылу берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу