Теміртау қаласының 8-ші шағын ауданында 23 жастағы Nissan Cefiro автокөлігінің жүргізушісі тұрақтан кері жүріп шыққанда 73 жастағы әйелді соғып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел оқиға орнында көз жұмды.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді, әсіресе аула мен тұрақта маневр жасағанда, барынша сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу