2020 жылдың тамыз айында теміржол жолаушы тасымалы 17%-ға, жолаушы айналымы 18%-ға өсті. Бұл туралы еnergyprom.kz басылымы хабарлады.
Ресми дерекке сүйенсек, қаңтар және тамыз айлары аралығында теміржол арқылы 267,2 милн тонна жүк тасымалданған, яғни былтырғы көрсеткіштен 1,4%-ға көп. Тамызда жүк тасымалы 35,2 млн тонна болды.
Соңғы 8 айда жолаушы тасымалы сегменті бойынша, теміржол арқылы 7,4 млн адам тасымалданған. 2019 жылғыдан 49,6%-ға кем. Тамыз айында 828,9 мың жолаушы тіркелген, шілдеде бұдан 16,9%-ға аз болған еді.
Өткен айда теміржол көлігінің қызметі 9,9%-ға қымбаттаған. Бағаның шарықтауы әсіресе Түркістан (23,8%), Ақмола облыстарында (15,8%) және Алматы (15,1%) қаласында тіркелген.
Табиғат Нұрболат