Теміржолшылар бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысында апаттан зардап шеккендерге бөледі, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ орталық аппараты басшылық құрамы, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ құрылымдық бөлімшелері, магистральдық желі дирекциясы еңбеккерлері бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысындағы Өзен-Болашақ теміржол өткелінде көлік апатынан зардап шеккендерге аударды.
Аталмыш қаржы қаржы зардап шеккендердің дәрі-дәрмегіне және емделуіне жұмсауда. Емдеу орындарына дәрі-дәрмекті Маңғыстау жол бөлімшесінің еңбеккерлері жеткізіп жатыр.
"Теміржолшылар әріптестері қиындыққа тап болғанда қол ұшын беруден тыс қалған жоқ. Апаттан зардап шеккендерге тиісті көмектер берілді. Ендігі жерде біз олардың білікті дәрігер мамандарға қаралуына, тезірек жазылып кетуіне жәрдемдесудеміз",-дейді "Қазкөліккәсіп" ҚБ басшысы О. Ахметбаев.
Бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ 20 миллион теңгені трагедиялық оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына аударған болатын.