Тендерге "қатысатын" компанияның қаржы пирамидасы екені анықталды

672

"Qozgan inc." ЖШС 100-ден астам адамды тартып үлгерген. 

Тендерге "қатысатын" компанияның қаржы пирамидасы екені анықталды

Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар адамдарды тендерлік жобаларға ақша салуға үгіттеген. 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-тен 30 пайызға дейін болады деп сендірген. Сондай-ақ өзімен бірге басқа салымшыларды алып келгендер 5 пайыз алатыны туралы жалған шарттар жасалған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салымшылардың жалпы саны 100-ден астам, қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталуда.

"Қазіргі уақытта "Qozgan Inc." компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 2 айға дейін "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланып, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне басқа тұлғалардың қатыстылығы анықталуда", – деп жазылған агенттік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу