Теңгенің нығаюы уақытша үрдіс - экономистер

707

Азық-түліктің қымбаттауын шенеуніктер, әдетте, доллардың өсуімен байланыстырушы еді. Алайда көк қағаз да бұлай сылтау айтуға жарамай тұр бұл жолы. Өйткені, теңге шабысын күшейтті. 

Теңгенің нығаюы уақытша үрдіс - экономистер Фото: egemen.kz

Америка банкнотасы 1 айда бірден 15 теңгеге арзандап кетті. Биыл 500 теңгеге дейін көтеріледі деп болжанған шетел валютасы қор биржасында қазір 444 теңгемен берілуде. Десе де, экономистер біздің төл ақшаның нығаюын "уақытша құбылыс" деп есептейді. Сөздеріне сенсек, теңгеге елдегі "салықтық төлеу кезеңі" күш беріп отыр. Қазір компаниялар доллармен тапқан пайдасын теңгеге ауыстырып жатыр. Сәйкесінше, ұлттық валютаға сұраныс артқан.  "Бұл үрдіс наурызға дейін жалғасады" дейді білгіштер.

"Осы 1-2 айдың шамасында доллардың бағамы 460-тан жоғары көрсеткіштерге оралады. 1-ші жарты жылдықта 470-тен төмен болады. 2-ші жарты жылдықта 470-тен жоғары болады. Яғни орта жылдық бағамды алғанда бюджетке салынған 470 теңге маңайында болады", дейді "DAMU Capital Managment" ЖШС Бас директоры Мұрат Қастаев.

Бұл ретте экономистер ұзақ мерзімге болжам жасау қиын екенін айтады. Өйткені, қазіргі жағдай геосаяси ахуалға байланысты болып отыр. 

"Шетелдік банктер ФРС дейді ғой Америкалық банктер Европа, Ұлыбританиялық орталық банктері өздерінің ставкасын көтеруін тоқтатты. Енді оны түсіруге бет бұрды. Егер банктердің сатвкасы түсетін болса, олнда әрине басқа елдің  ұлттық валюталары күшейеді. Және де біздің ҰБ өзіміздің 16,75 базалық ставканы алдыңғы жарты жылда", дейді Экономист Уәлихан Қайсаров. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу