"Теңізшевройл" компаниясы мұнай жеткізу бойынша форс-мажор жариялады

230

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.  

"Теңізшевройл" компаниясы мұнай жеткізу бойынша форс-мажор жариялады Фото: tengizchevroil.com

Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орындарының бірі "Теңіз" кенішін игеруші оператор "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы өз контрагенттеріне мұнай жеткізу бойынша форс-мажорлық жағдай басталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжатта жазылғандай, өндірістік нысандардағы техникалық ақауға байланысты ТШО уақытша Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) жүйесіне мұнай жеткізе алмай отыр.

Компания қазіргі уақытта форс-мажордың қанша уақытқа созылатынын нақты айта алмайды. Бұған дейін "Теңізшевройл" кен орындарындағы мұнай өндіру 18 қаңтарда электр станциясындағы апаттан кейін тоқтатылған еді.

Reuters дереккөздерінің айтуынша, өндіріс кемінде ақпан айына дейін тоқтап тұруы мүмкін.

Қазіргі уақытта "Теңіз" бен "Королев" кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтап тұр. Өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінде туындаған техникалық ақау себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сонымен қатар, "Теңіз" кен орнын игеріп отырған "Теңізшевройл" компаниясы Каспий құбыр консорциумы жүйесіне мұнай жеткізуге форс-мажор жариялады.

Жағдайды ҚР Энергетика министрлігі өз бақылауына алды.

Қазір комиссия болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі техникалық талдауда. Барлық ресми қорытындылар мен пікірлер тек комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу