Жасөспірімдер арасындағы беделді додада ел намысын Зарамен бірге Заңғар Нұрланұлы да қорғады. З.Дәркен жекелей сындағы кездесулерін сәтті өткізді. Алдымен сербиялық Ива Ковашевичті тас-талқан етті – 6:0, 6:0. Содан кейін тағы бір сербиялық Александра Джокичтен басым түсті – 6:1, 6:3. Ширек финалда Стела Дзимовичті ұтты – 2:6, 6:4, 6:3. Жартылай финалда босниялық Лана Петковичті тізе бүктірді. Зара сенбі күні финалда Петра Коньикушичпен бас жүлдені сарапқа салады. Сонымен қатар германиялық Настасия Нестеровичпен бірге жұптық сында осы маусымдағы екінші титулына қол жеткізді. Финалда қазақстандық-германиялық жұп корт иелері Сара Костакова мен Наталья Кроцкованы 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
З.Нұрланұлы жекелей сында екінші айналымда тартысты бәсекеде сербиялық Алекс Мирковичке 6:2, 3:6, 1:6 есебімен есе жіберді. Ал Михаило Топичпен бірге жұптық сында жартылай финалда ғана швейцариялық Никола Джосич пен сербиялық Алекс Опарницадан 3:6, 6:7 есебімен ұтылып, финалға шыға алмай қалды.