"Тиісті жазасын алсын"

749

Баласы көлік апатынан көз жұмған ана бейнеүндеу жолдады.

"Тиісті жазасын алсын"

Ақтөбеде баласын жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып өлтірген ана бейнеүндеу жариялады. Ол қайғылы оқиға кінәлі адамның әділ жазалануын сұрайды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Пацаев көшесінде 3 желтоқсан күні кешке "Toyota Land Cruiser Prado" көлігі 15 жасар баланы қағып кетті. Жасөспірім алған соққыдан оқиға орнында қайтыс болды.   

Ал марқұм баланың анасы бейнеүндеу жазып, онда жүргізушінің қатаң жазалануын сұрады. Белгілі болғандай, оның жасы 32-де, әкесі теміржол саласында басшылық қызмет атқарады. 

Анасының айтуынша, бала әжесіне қонуға бара жатқан, бұл жолмен үнемі өтіп жүрген. Ең өкініштісі, енді екі қадам жасағанда ол тротуарға шығып та үлгереді екен.

"Мен жол апаты болып жатқаны жайлы инстаграмнан көріп қалдым. Баламды шұлығынан танып, айқайлап жіберіп, жүгіріп бардым. Мені итеріп, жақындатпай қойды. Жедел жәрдем оқиға орнына 15 минутта, полиция 40 минутта келді", – дейді әйел.

"ҚР ҚК 345 "жол-көлік ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", – дейді ПД баспасөз қызметінен.

Ал жол апаты болған жердегі бейнекамера ол кезде істен шығып тұрған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу