TikTok қазақ тілінде қолжетімді

706

Енді TikTok қосымшасы қазақ тілінде қолжетімді болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

TikTok қазақ тілінде қолжетімді Фото: tiktok.com

"ТikTok қосымшасы енді қазақ тілінде де қолжетімді екенін хабарлауға қуаныштымыз. Қазақ тілін таңдау мүмкіндігі Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның соңғы нұсқаларында пайда болды", - делінген хабарламада.

TikTok қолданбасындағы интерфейс тілін кез келген уақытта өзгертуге болады.

Тіл баптауларын өзгерту үшін:

  1. Төменгі оң жақ бұрыштағы "Профиль" түймесін басыңыз.
  2. Баптауларды ашу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш нүктені түртіңіз.
  3. "Параметрлер және құпиялылық" түймесін басыңыз.
  4. "Қолданба тілі" түймесін түртіңіз.
  5. Тізімнен қазақ тілін немесе басқа тілді таңдаңыз.

Сондай-ақ платформа Tik Tok пайдаланушыларына қандай форматтағы бейнероликтерді орналастыруға болатынын және тыйым салынатынын түсіндіретін ережелерді де қазақ тіліне толық аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу