TikTok қазақ тіліне аударылмақ

807

Күзде TikTok-тың еліміздегі өкілдігі ашылады. Бұдан бөлек қосымшаның қазақшаға аударылатыны белгілі болды. 

TikTok қазақ тіліне аударылмақ Фото: Movie Star

Бұл туралы Astana Media Week форумында Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions директоры және TikTok Kazakhstan компаниясының болашақ басшысы Анастасия Панина хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

“Цифрлық сауаттылық - басымдық. Біз Қазақстандағы серіктестерімізге жақын болғымыз келеді. Қазіргі таңда біз жобалардың санын арттыру үшін TikTok қосымшасын аудару бағытында жұмыс істеудеміз. Соның ішінде қазақ тілі де бар. Біз үшін қолданушылардың қауіпсіздігі бәрінен де жоғары. Біз қоғамдастықтардың ережелерін белсенді жаңартып отырамыз. Аудитория платформаны қалай пайдалану керектігін білу мақсатында білім беру жобаларының үлкен санын іске қосудамыз”, - деді спикер.

Анастасия Панинаның айтуынша, Қазақстандағы аудитория өте шығармашыл.

“Мысалы, химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов үлкен танымалдыққа ие болды. Себебі ол химия туралы танымды айтып беретіні соншалық, сабақтары өте қызықты”, - деді ол.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу