Тікұшақ апатына қатысты қылмыстық тексеру жүріп жатыр – бас прокуратура

2127

Кеше Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 13 адам қаза болды.

Тікұшақ апатына қатысты қылмыстық тексеру жүріп жатыр – бас прокуратура

Қызылорда облысында тікұшақтың апатқа ұшырауы және 13 әскери қызметкердің қайтыс болуына қатысты ұшу ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлады бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин. 

"Қазір бас әскери прокуратура қозғалған қылмыстық іс пен тексеріліп жатқан қылмыстық істі қадағалап отыр. Әртүрлі сараптамалар, барлық қажетті тергеу әрекеттері жасалып жатыр, мұның барлығы бас прокурордың тікелей бақылауында", – деді Андрей Лукин.

Айта кетсек, кеше Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 13 адам қаза болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу