Елордада болған өрттен екі адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
"Бүгін сағат 16:53-те "101" пультіне Субханберді көшесі, 8-де болып жатқан өрт туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына дереу сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД бөлімшесінің өрт сөндірушілері барды. "Тазалық" көлік жуу орнының ауданы 30 шаршы метрлік төбелік жабыны және "Land Cruiser" мен "Mitsubishi" маркалы екі автокөлік жанып жатқаны анықталды", – делінген хабарламада.
Өрт салдарынан екі адам зардап шегіп, олар №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Өрт сағат 17: 27-де ауыздықталып, сағат 17:37-де толығымен сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.