Тимур Құлыбаев мектеп бағдарламасына енгізілетін жаңа пән туралы айтты

824

Тимур Құлыбаев мектеп бағдарламасына енгізілетін жаңа пән туралы айтты

"Атамекен" КҰП-ның президиум төрағасы Тимур Құлыбаев Талдықорғанда кәсіпкерлердің өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында ол мектеп бағдарламасына енгізілген жаңа пән "Кәсіпкерлік және экономика негіздері" жоғары сынып оқушылары үшін болашақта айналысатын кәсібін дұрыс таңдауға зор септігін тигізетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзінше, мектеп оқушылары кәсіпкерлік негіздерімен 2019 жылдың 1 қыркүйегінен-ақ таныса бастайды.

"Қазіргі таңда аталмыш пән білім және ғылым министрлігімен бірге пысықталуда. Осылайша, біз жоғары сынып оқушыларына кәсіп таңдауды үйретеміз. Біз оларға қандай бизнес түрімен айналысқылары келетінін, олардың қандай кәсіпке ынта-ықыласы бар екенін анықтаймыз. Егер олар кәсіпкерлікпен айналысуға қызығушылық танытса, біз өзіміздің мүмкіндіктерімізді техникалық және кәсіби білім беру арқылы ұсына аламыз. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жоғары оқу орнына түсуге дайындаймыз",- деді Тимур Құлыбаев.

Айта кетейік, жуырда Тимур Құлыбаев Таразда кәсіпкерлермен болған осы тектес кездесу барысында кәсіпкерлерді кадр дайындау бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындау ісіне тарту қажеттігін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу