Тимур Құлыбаев: Сот жүйесі барынша ашық әрі түсінікті болуы керек

822

Тимур Құлыбаев: Сот жүйесі барынша ашық әрі түсінікті болуы керек

7 желтоқсан күні жоғарғы сот мінберінде "Бизнестің құқығы мен заңды мүддесін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру" атты форум өтті. Форумға ҚР жоғары сот төрағасы Қайрат Мәми, "Атамекен" КҰП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты, деп хабарлайды atameken.kz.
"Сотқа бару кәсіпкер үшін қашан да күйзеліс тудырады. Оның ісі бойынша тез шешім қабылданса, барлық тарапқа жақсы. Ұлттық палата сот жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қалайды. Сот жүйесі барынша ашық әрі түсінікті болуы керек. Біздің жоғарғы сот жұмысына араласуға хақымыз жоқ, алайда бірлесіп жұмыс істеуімізге болады. Кәсіпкерлердің құқықтық мәдениетін қайтсек те жақсартамыз. Осы бағытта бірлескен жұмысымыз тиімді болмақ", – деді Тимур Құлыбаев.
"Атамекен" басшысы әр салада цифрлау үдерісі жүріп жатқанын айтты. Осы үдерісті сот жүйесіне енгізуді ұсынды. 
"Бүгінде 700 бап бар, баптарда нормативті-құқықтық актілерге сілтемелер көп. Мәселен, Ресей мен Белорусьте мұндай баптар екі есе аз. Біз құқық қорғау, салық органы, үкімет пікірін есепке алып, саралығымыз келеді. Бүгінде кеден кодексі сенаттың қарауында жатыр. "Атамекеннің" ұстанымы – қызмет көрсетуді автоматтандыру. 2018 жылы барлық қызмет түрлерін цифрлауға жұмсалуы керек. Осылай адами фактор, сыбайлас жемқорлық пайызын азайтуды көздеп отырмыз", – деді Тимур Құлыбаев.

Форумда "Атамекен" басшысы ұлттық палата жанынан жұмыс істейтін арбитраж қызметіне назар аударды. Сонымен қатар 1 шілдеден бастап ҚР қаржы министрлігі жанынан апелляциялық комиссия жұмыс істеп жатқанын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу