Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме неге көтерілгенін айтты

125

Базалық ставка – инфляциямен күресте қолданылатын негізгі құралдың бірі.  

Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме неге көтерілгенін айтты Фото: Владислав Воднев

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме не себепті көтерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, базалық мөлшерлеме бағамды тұрақтандыру үшін емес, инфляциямен күресу үшін қолданылады. Сондықтан да соңғы шешімімізде көптеген проинфляциялық факторды көрдік. Бұл жалғасып жатқан тарифтік реформа, тұтынушылардың тұрақты сұранысы, фискалды ынталандыру, теңгенің әлсіреуі. Инфляцияны болдырмау мақсатында және оны төмендету үшін біз базалық мөлшерлемені көтердік. Мәселен, егер сіз депозитке қаржыны 14-15 пайызбен салсаңыз, оны депозитке сақтайсыз. Осылайша экономикадағы ақшаның жалпы массасы азайып, инфляция төмендейді. Бұл базалық мөлшерлеменің негізгі қызметінің бірі деуге болады", - деді Ұлттық банк басшысы Сенат кулуарында.

Айта кету керек, осыған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтергенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу