Тимур Тілегенов Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болды

572

Бүгін аппараттық кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Азаматтық авиация комитетінің жаңа орынбасары Тимур Тілегеновты таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Тимур Тілегенов Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болды Фото: facebook.com/caakaz

Ол бұл лауазымға меритократия қағидаты негізінде ҚР Президенті Әкімшілігімен және ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша тағайындалды.

Тимур Тілегенов 2021 жылы Францияның Ұлттық азаматтық авиация мектебін (ENAC) "Әуе көлігін басқару" мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша, 2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша үздік бітірген.

Комитет төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Азаматтық авиация комитетінің авиациялық тасымал және халықаралық әуе қатынасын реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2009 жылғы қазаннан 2019 жылғы қазанға дейін Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде сарапшы, бас сарапшы, бас сарапшы – халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдар басқармасының аға мемлекеттік авиация инспекторы лауазымдарында еңбек етті.

Құрмет грамотасымен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу