ТҚЖБ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы ақпаратты өңдейтін орталық болмақ

887

Келесі жылдың басында өтініш қабылдауға арналған онлайн-сервис іске қосылады.

ТҚЖБ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы ақпаратты өңдейтін орталық болмақ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі баспана алу үшін зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты барлық банктік операциялар үшін комиссия алмайды. Бұл туралы басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның айтуынша, банк зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша уәкілетті оператор ретінде тағайындалған жағдайда зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы ақпаратты өңдейтін орталық болуды жоспарлап отыр. Келесі жылдың басында өтініш қабылдауға арналған онлайн-сервис іске қосылады деп күтілуде. Азаматтар электронды-сандық қолтаңба арқылы арнайы порталға кіріп, қолжетімді зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу