ТМД аумағында коронавирустан қайтыс болудың алғашқы дерегі тіркелді

711

Молдавияда коронавирус жұқтырған әйел қаза тапты.

ТМД аумағында коронавирустан қайтыс болудың алғашқы дерегі тіркелді

Молдавия елінде Covid-19 жұқтырған 60 жастағы әйел адам республикалық ауруханада көз жұмды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Виорика Думбрэвяну мәлім етті. 

"Қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырды деген күдікпен 67 адам тіркелді. Оның 14-і – балалар", – деді ведомство басшысы. 

Ол вирустың иммунитеті әлсіреген және созылмалы аурулары бар адамдарға өте қауіпті екенін айта отырып, оларға үйден шықпауға кеңес берді. 

Ескере кететін жайт, Молдавия парламенті 17 мамырға дейін елде төтенше жағдай режимі енгізілетінін жариялады. Яғни 17 наурыздан бастап толықтай әуе қатынасы тоқтатылып, шекара жабылды. Сонымен қатар мәдени, діни шаралардың өткізілуіне тыйым салынып, балабақша, мектеп және ЖОО-ның жұмысы тоқтатылды. Қоғамдық тамақтанау орындары мен дүкендер де жабылды. 

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетін пандемия деп жариялаған болатын. Осы күнге дейін әлем бойынша ауруға шалдыққандардың саны 195 мыңнан асты, оның 7800-ден астамы ажал құшқан. Вирус әлемнің 159 еліне таралды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу