ТМД бақылаушылары: Қазақстан референдумға толық дайындалған

659

ТМД елдерінен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумда бақылаушылар миссиясы әзірге заң бұзушылықтар анықтаған жоқ. Бұл туралы миссия басшысы Леонид Анфимов айтты, деп жазды inbusiness.kz.

ТМД бақылаушылары: Қазақстан референдумға толық дайындалған

"Біріншіден айта аламын, Қазақстан дауыс беруге толық дайындалған, миссияның техникалық жағына да, заңнаманың бұзылуына да, референдумды өткізуге қатысты да шағымдары жоқ. Барлығы заңнама аясында және халықаралық нормаларға сәйкес", – деді Анфимов журналистерге, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.

"Миссия штабы бақылау жүргізудің нормативтік-құқықтық базасын зерделеді, миссияның негізгі құрамы бір күн бұрын келді, біз оларды жеті облысқа бөлдік. Дауыс беру аяқталғаннан кейін миссия делегацияларының басшылары жиналып, қорытындыны қабылдайды. Ал ертең ОСК-да нәтижелер жарияланғаннан кейін өтетін қорытынды баспасөз мәслихатында біз ТМД байқаушылары миссиясының референдум бойынша қорытындысын жариялаймыз", – деп қосты спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу