ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Сочиде өтеді

682

ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2023 жылы маусымда Сочи қаласында өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов кеңесі отырысының қорытындысы бойныша брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Сочиде өтеді Фото: primeminister.kz

Әлихан Смайылов кеңес отырысының қорытындысы бойынша қызметтердің еркін саудасы және инвестицияларды жүзеге асыру туралы келісімнің жобасын аяқтау жөнінде шешім қабылданғанын атап өтті. Бұдан бөлек қоғамдық денсаулық сақтау саласында санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және ден қою жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, сондай-ақ гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы 2023-2024 жылдарға арналған басым іс-шаралар жоспары мақұлданды. 

Сондай-ақ, ғылыми-техникалық, инновациялық, технологиялық салалармен қатар химия саласын цифрлық трансформациялау және радионавигация саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара іс-қимылды дамыту бойынша бірқатар тұжырымдамалық және бағдарламалық құжаттарды қабылданды. ТМД Үкімет басшылары  кеңесінің 2023 жылы Достастық органдары мен жекелеген іс-шараларды қаржыландыруға қатысты қаржылық-бюджеттік мәселелер де қаралды.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстандық тарап бүгінгі іс-шараның қорытындыларына қанағаттанды. 

"Ол мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін ынтымақтастықты нығайту жолындағы кезекті қадам болатынына сенімдіміз", - деп қорытындылады ол. 

Осыған дейін  2023 жылы Беларусьте ТМД елдерінің ойындары өтетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу