Төбесі опырылып түскен сауда үйіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оқиғаның мән-жайы мен себебі тергеу барысында анықталады.

Төбесі опырылып түскен сауда үйіне қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: instagram.com/ekibas_v_teme/

Екібастұздағы сауда және ойын-сауық орталығындағы оқиғаға тергеу жұмыстары басталды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Кеше түстен кейін қаладағы "Maxi Mall" сауда үйінің шамамен 150 шаршы метр болатын жері опырылып түскен еді. 

– Полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Оқиғадан 5 адам зардап шексе, оның үшеуі – бала. Абырой болғанда зардап шеккендер ауруханаға жатпаған, яғни жарақаты жеңіл болған. Дәрігерлер олардың алған жарақатына байланысты амбулаториялық ем тағайындады.

Бүгін өңірлік денсаулық сақтау басқармасы оқиға кезінде тағы бір баланың зардап шеккенін нақтылаған. 

Бұған дейін Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып құлағанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу