Тойға барамыз деп автобусқа мінген 22 адам қаза тапты

388

Пәкістанның солтүстігінде қалыңдық пен қонақтар мінген той автобусы өзенге құлап, батып кеткен. 

Тойға барамыз деп автобусқа мінген 22 адам қаза тапты Фото: armenia.news

Оқиға салдарынан көлікте отырған жолаушылар түгелдей мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "360" басылымына сілтеме жасап.

"Сейсенбіде Гилгит-Балтистандағы Диамер ауданында 22 адам мінген автобус өзенге құлап, суға батып кетті... Көлік той кортежінің бір бөлігі еді", – деп хабарлады Dawn TV.

Автобус мінген жолаушылар арасында жалғыз келіншек аман қалып, түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Журналистер ақпаратына сенсек, Пәкістан президенті Асиф Али Зардари қаза болғандардың туыстарына көңіл айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу