Тоқаев: Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады

495

40 жыл бойы Қазақстанда әлемдегі ең ірі полигон жұмыс істеді. Онда 500-ге жуық ядролық сынақ жүргізілді. 1991 жылы сынақ алаңы жабылды.

Тоқаев: Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады

"Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады", – деп жазды Президент твиттердегі микроблогында.

Айта кетсек, 1949-1989 жылдар аралығында Қазақстан аумағында әлемдегі ең ірі Семей полигоны жұмыс істеді, онда 40 жыл ішінде 500-ге жуық ядролық қару сынағы жүргізілді. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен сынақ алаңы ресми түрде жабылды. 1992 жылы жабық полигон негізінде Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу