Тоқаев мемлекеттік тілді дамыту туралы: Конституцияда орыс тілі де лайықты орын алады

1750

Мемлекеттік тілді нығайту жөнінде басқа тілдер мен азаматтарға нұқсан келтірмей және кемсітпейтін шаралар қолдануға тиіспіз. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының отыз бірінші сессиясында айтты, деп жазады inbusuness.kz тілшісі.

Тоқаев мемлекеттік тілді дамыту туралы: Конституцияда орыс тілі де лайықты орын алады

"Тілдер туралы айтқанда, біз өз тарихымызға, этностық ерекшелігімізге орай Қазақстан көптілді мемлекет екенін және бұл біздің плюс, біздің активіміз екенін түсінуге тиіспіз. Сонымен бірге мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін есте сақтауымыз керек және қазақ тілінің мәртебесін нығайту жөнінде шаралар қабылдауымыз керек", – деді Тоқаев.

Ол мұны "басқа тілдерде сөйлейтін адамдар мен азаматтарды кемсіту мақсатында емес" деп атап өтті.

"Мен өзім Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істедім, көп ұлтты мемлекеттерде бірлікті сақтаудың қаншалықты маңызды екенін білемін. Мен мемлекеттік тілді жетік меңгерген азаматтарымызға зор құрметпен қараймын. Мен бұл азаматтарды (...) әр түрлі жолмен қолдау керек деп санаймын. Тілдерге қатысты ешқандай кемсітушілік жоқ, Конституция бұл сұраққа нақты жауап береді. Еліміздің мемлекеттік тілі Қазақ тілі болып табылады. Бірақ еліміздің Конституциясында мемлекетіміздің негізгі заңында орыс тілі де лайықты орын алады. Сондықтан осыны негізге алайық", – деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу