"Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады", – деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық таңдау еркінің қорытындысы Президент Шавкат Мирзиёевтің стратегиялық бағдарына өзбек халқының зор сенім білдіріп, қолдағанының дәлелі екенін атап өтті.
Әңгіме барысында Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін тағы да растады.
Мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесін талқылады.
Жексенбі, 30 сәуір күні Өзбекстанда жаңа конституция туралы заң жобасы бойынша республикалық референдум өтті.