Тоқаев саяси реформалардың жаңа бағдарламасын қашан ұсынатынын айтты

1852

Оның пікірінше, елдегі саяси партиялар арасында бәсекелестік күшейген.

Тоқаев саяси реформалардың жаңа бағдарламасын қашан ұсынатынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалардың жаңа бағдарламасын қашан ұсынатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Мен 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынамын. Қазір партиялар арасында бәсеке күшейе түсуде. Осы орайда біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтауымыз қажет. Бұл – өте маңызды міндет. Басқаша айтқанда ұйым әрдайым ел мүддесін қорғайтын нағыз халықтың партия болып қалуы керек", деді Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде.

Айта кетейік, жиында партия атауы ресми түрде "Аманат" деп өзгерді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу