Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімі: Тоқаев мән-жайды мұқият тексеруді тапсырды

6537

Бұл туралы inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

 Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімі: Тоқаев мән-жайды мұқият тексеруді тапсырды Фото: akorda.kz

Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды. 

Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған. 

Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Мемлекет басшысы биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды. 

"Баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жоғалған 5 жасар қыздың денесі ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу