Тоқаев заманауи технопарктер орталығын құруды ұсынды

1080

Президент алдағы жылы Astana Hub халықаралық технопаркінде арнайы форум өткізу керегін жеткізді.

Тоқаев заманауи технопарктер орталығын құруды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі ұйымының заманауи технопарктер орталығын құруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.

Оның пікірінше, бүгінде инновация мен стартаптарды дамытуға қолайлы жағдай жасау қажет.

"Бұл – ақпараттық технология дәуірінің басты талабының бірі. Сіздерді Түркі ұйымының заманауи технопарктер орталығын құру мәселесін зерделеуге шақырамын", – деді Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы IT саласында еңбек етіп жүрген жастардың форумын өткізуді ұсынды.

"Оны Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде ұйымдастыруға болады. Қазір онда 560-тан аса компания жұмыс істеп жатыр. Оның 55-і – шетелдік компания. Стартаптар соңғы 2,5 жылда 375 млн доллардан аса пайда тапты. Сондай-ақ 132 миллион долларға жуық инвестиция әкелді. Жалпы Astana Hub технопаркінде жеңілдетілген визалық режим бар. Ал онда жұмыс істейтін компаниялар салықтан босатылады", – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, осыған дейін Президент Президент "жасыл" облигация нарығын дамытуға шақырған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу